МТРА жаңалықтары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары СҚО ІІД болды

Кәрібай Мұсырман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Облыста тәртіп сақшыларына арналып отбасылық жатахана беріліпті. Енді, үйдің құрылысы басталды. Бұл қуантады.

Облыстық ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Александр Казанцев полицейлердің жалақылары аз. Тәртіп сақшыларын баспанамен қамтуда мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылса дейді.

Александр Казанцев – СҚО ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі:

– Тәртіп сақшысына артылар жүк ауыр. Қоғамдық тәртіпті қадағалайтындықтан демалыс көрмейді. Полицейлердің қазіргі алып жүрген жалақылары аз. Тағы, құқық қорғаушылар қарапайым халықпен бірге үй кезегінде тұрады. Мамандар олай болатын болса жақын арада баспаналы бола алмайды.

Ал, дәл осы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Александр Мерк телеарналардан полицейлер жайлы арнайы фильмдер көп көрсетілгенін қалайды. Сонда өскелең ұрпақ құқық бұзушылықтың арты соқпақты болатынын сезінеді, тәртіп сақшысы мамандыға деген сүйіспеншіліктері өседі дейді. Қос азаматтың да сауалын Парламент Мәжілісінің депутаты Артур Платонов міндетті түрде назарға алатындығын айтты.

Артур Платонов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Мені сізбен толық келісемін. Жуырда ғана өзімінің бағдарламамда полицейлердің жалақыларының аздығын сынға алдым. Құқық қорғаушылар баспанамен қамтылуы тиіс. Өйткені олар жауапты маман иелері. Мұны жоғарыға жеткізіп, қарастырамыз. Ал, телеарналардан арнайы фильмдер көрсету үшін тапсырыс қажет. Сонымен қатар қаржы да. Қазіргі таңда Үкіметте бұл мәселе қарастырылуда.

Жиында полицейлерге жасалатын әлеуметтік жеңілдіктер жайы да сөз болды.

Кәрібай Мұсырман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгінгі жиында полицейлердің ұл-қыздарын балабақшаға орналастыру жайын жеңілдету мен автобустарда тегін жүруге қатысты сұрақтар түсті. Мұны қарастырамыз.

Отырыс соңында Парламент Мәжілісінің депутаттары Кәрібай Мұсырман мен Артур Платонов облыстық ІІД атынан “Қазақстан Полициясына 25 жыл” медалымен марапатталды. Сондай-ақ, республикалық президенттік көпсайыста жеңімпаз атанған құқық қорғаушыларға ҚР Ішкі істер министрі атынан кубокпен мақтау қағаздары табысталды. Жиыннан кейін меймандар департаменттің жедел басқару орталығы мен музейін аралады.

 

Култанов Байболат