Спорт

Петропавлда муай-тайдан халықаралық “Солтүстік кубогі” чемпионаты жалғасуда

Әр бірі 3 минуттан тұратын 3 жекпе-жекте қос қарсылас бір-біріне дес берген жоқ. Дегенмен, қызыл бұрыштағы атыраулық спортшы белсенділік танытып жеңіске жетті. 4 жыл бойы осы спорт түрімен айналысып жүрген жеткіншек 4 дүркін еліміздің және бір рет Қырғызстан республикасының чемпионы атанған.

Мухтасип Юсуф- жарысқа қатысушы, Атырау қаласы:

– Ертең енді Алматымен шығам. Оны ұтсам, Петропавл мен павлодарлық спортшы төбелеседі. Петропавлдық муайтайшы жеңге соңыменг финалдық кездесуде жүздесемін.

Ал, шаршы алаңда келесі болып қолғап түйістіріп жатқан жұп – павлодарлық Бахтияр Найман мен алматылық Камиль Ислам. 26 келі салмақ дәрежесінде тартысқа түскен 9 жасар спортшылар бір-бірімен соққылар алмасып, алма кезек шабуыл жасасты. Нәтижесінде көк киімдегі Бахтияр қарсыласының ұрымтал тұсын тауып, жойқын соққылар жасады. Сөйтіп, келесі айналымға жолдама алды.

Бахтияр Найман – жарысқа қатысушы, Павлодар қаласы:

– Қарсыласымды жеңдім. Мен енді финалға дейін жетуге тырысамын. Бірінші орын аламын деген ойдамын.

Чемпионатта 26 мен 91 келі салмақ дәрежесінде 262 спортшы жүлдеге таласты. Осы реткі шығыс жекпе-жегінен өткен сайысқа бас төреші Нұралы Әубәкіров бастаған 5 төреші қазылық етті.

Нұралы Әубәкіров – бас төреші, Астана қаласы:

– Петропавл қаласында халықаралық турнир бастау алды.” Солтүстік кубогі”. Осы жарыс 4 жыл қатарынан өтіп жатыр. Осы турнирде әлем чемпионаты спортшылар іріктеліп алынады. Жарыс тамыз айында Банконг қаласында өтеді. 14 құрама командасы келді.Олар Алматы облысы, Ақмола, Атырау, Павлодар, Көкшетау, Шымкент және т.б. Сондай-ақ мұнда Ресей Федерациясының муайтайшылар бақтарын сынауда.

Сайыс шілденің 10-ы күні өз мәресіне жетеді. Оның қорытындысы бойынша түрлі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және кубокпен марапатталады.

Тогжан Акмагамбетова