Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірімізде жұмыс сапарымен Мәжіліс депутаттары жүр

Сағдат Ағжанов- “Көпсалалы жабдықтар зауыты” ЖШС директорының орынбасары:

– “Волков геология”АҚ -мен 2007 жылдан бері әріптеспіз. Жыл сайын бір млрд теңгенің өнімін шығарамыз. Биыл да осыншама жұмыс көлемін атқару жоспарымызда бар. Мемлекеттік қолдаудың арқасында зуыт дамып келеді. Машина-техника паркін біртіндеп жаңартып жатырмыз.

Алдағы уақытта өндіріс ошағы ауыл шаруашлығы техникаларының тіркемелі агрегаттарын шығаруды ойластырып жүр. Қазіргі таңда Қостанай облысының машина жасау зауыттарымен келіссөздер жүргізілуде. Бұл сұрақтың тезірек шешілеуіне Мәжіліс депутаттары атсалыспақшы. Халық қалаулылары да өңірдің осы бағытта әлеуеті жоғары екендігін айтады.

Кәрібай Мұсырман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– СҚО кәсіпорындары ауыл шаруашылығы техникалары құрастыра алады. Бұл бастаманы облыс әкімі Құмар Ақсақалов көтуде. Қазақстандық аграрийлердің шетелдік техникаларға көңілдері толмайды.

Төменгі палата өкілдері жұмыс сапарымен өңірімізге алдыңғы аптаның басында келген. Содан бері ауыл, аудандарды аралап, халықтың көкейіндегі сауалдарын жинап жүр. Кәрібай Мұсырман жуық арада денсалық сақтау саласына қатысты мәселелерді бейінді министрлікке жеткізбекші.

Кәрібай Мұсырман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Онкологиялық диспансердің бас дәрігері ғимараттардың арасына өтпелі дәліз салу үшін 350 млн теңге сұрап отыр. Денсаулық сақтау министіріне осы жөнінде хат жолдадым. Онкологиялық аурулар бойынша СҚО алдыңғы орында тұр. Сондықтан осы мәселеге мұқият назар аудару керекӘсіресе, онкологиялық ауруларды бейінді министрлікке депутатттық сауалдар жолдап, өтініштің аяқсыз қалмауын жеке қадағалауыма алдым дейді.

Халық арасына Артур Платонов та шығыпты. Ол болса тұрғындарды баспанамен қамту, білім беру саласындағы қызмет сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліпті.

Артур Платонов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жастарымыздың көбі Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайтын болып шықты. Ата-аналардың айтуынша, университетттер мен колледждер кейбір параметрлер бойынша бәсекеге қабілетті емес. Бұл сұрақты мен Білім және ғылым министріне жеткіземін. Келесі мәселе баспанаға қатысты. Кейбір азаматтар қаңырап бос тұрған үйлерді қалыпқа келтіріп берсе деген өтініштерін айтты. Ол баспаналардың иелері бар болып шықты. Алдағы уақытта соларды көндіруге тырысу керек.

Төменгі палата өкілдері алдағы күндерде барлығы 7 ауданды аралап шығып, халықтан түскен сауалды үкімет қабырғасында министрлермен бірге талқыға салмақ.

Берік Қасен