МТРА жаңалықтары

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Петропавл қаласына 265 жасқа толды

Бұдан соң біртіндеп уақыт алға қарай ығысты. Жұртшылыққа 1918-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау бағытындағы темір жолдың құрылысы көрсетілді.

Петропавл қаласының тарихы тереңде жатыр. 2,5 ғасырдан артық өмір сүріп келе жатқан шаһар Ұлы Отан соғысында Жеңісті жақындатуға өзінің зор үлесін қосты. Көптеген зауыттар осында көшіріліп әкелінді. Ал аты аңызға айналған 314-ші атқыштар дивизиясы 1941-ші жылы құрылып, кескілескен ұрыстарда ерлік көрсетті. Бұның құрамында болған 3 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Отты жылдар артта қалды. Енді 1954-ші жылы тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Жыртылмаған жерлерді өңдеуге сол кезде елімізге совхоздар мен колхоздарға 266 мыңға жуық механизатор, 20 мыңға жуық өзге жұмысшылар келді. Ауыл шаруашылығы өңірімізде содан бастап қарқынды дами түсті. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің басты астықты өлкесі болып саналады. Бұдан бөлек қос бірдей жерлесіміз ғарышты бағындырды. Бұл Кеңес Одағының Батырлары Владимир Шаталов пен Александр Викторенко.

Міне, 265 жылдық тарихы бар Петропавл қаласы осындай. Жұртышылық назарына ұсынылған шағын көріністер шаһар бұрынғысының бір парасы ғана. Салтанатты шара барысында қала тұрғындарын шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов құттықтады.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Қала күнімен барлық тұрғындарды құттықтаймын. Еліміз дамып, өркендеп келеді. Петропавл қаласыда уақыт өткен сайын жарқырап, гүлдену үстінде.

Бұдан кейін Марат Тасмағанбетов облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан 4 жерлесімізге Құрмет грамотасын, 3 теріскейлікке Алғыс хатын табыстады. Кейін тағы 7 петропавлдық қала басшысының Құрмет грамотасын иеленді.
Орталық алаңдағы салтанатты жиын Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ән-шашуымен жалғасты.

Қазақстан Конституция көшесі кезінде Вознесенский даңғылы болып аталған. Бұнда негізінен көпестер тұрып, сауда-саттықпен айналысқан. Осы тарихты бүгін облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері айна-қатесіз жұртшылыққа көрсетуде. Музей алдында өткен ғасырдан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылып, сол заманның тұрмыс-тіршілігі бейнеленген.

Татьяна Ланьщикова – облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:

– Біз ескі қала бейнесін жасауды ұйғарып, тарихи даңғылды қайта қалыпқа келтірдік. Бұл 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың бас кезі. Мұнда фотосалондар, шайханалар мен түрлі жәрмеңке жайғасқан. Тұрғындардың көңілінен шығу үшін барын пайдаландық. Тіпті, қызметкерлерді бұрынғы заманның киімдеріне киіндіріп, сол кездің сәнін де ұсынып отырмыз.

Бұл күні барша теріскейліктердің көңілі шат-шадыман болды. Барлығы қала күнін атап өтіп, өзінше сауық-сайран құрды.

Осы күні кешкі сағат 8-де “Солтүстік жұлдызы” саябағында жастарға арналып ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Қазақстандық “Дежавю” және ресейлік “Онлай” тобы қала күніне деген құттықтауларын әнмен жеткізді. Көрермендерге түрлі жанрдағы заманауи әндерді шырқады.

 

Риат Шони