МТРА жаңалықтары

Қазақстанның мемлекет қайраткері Иван Чиркалин 70 жасқа толды

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Иван Федорович еңбек жолын комбайншы болып бастады. Екатеринбург қаласында политехникалық институтта “инженер-экономист” мамандығын меңгеріп шықты. Бірнеше мемлекеттік органдарда табысты еңбек етті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Иван Федорович “Парасат”, “ІІ дәрежелі Барыс” ордендерінің иегері.

Құмар Ақсақалов қарияға кәдесый жасады.

Осы күні Иван Чиркалинді әріптестері мен достары құттықтады. Барлығы жылы лебіздерін білдірді.

Иван Чиркалин – Қазақстанның мемлекет қайраткері:

– Құрмет көрсетіп жатқандарыңызға алғысым шексіз. Мен саналы ғұмырымда елім үшін аянбай тер төктім. Қызметіме адал болдым. Еңбегімнің жемісін осы күнге дейін көріп жүрмін.

Жиын соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

Берік Қасен