Қоғам

Петропавлда жыл сайынғы дәстүрлі иттер көрме- байқауы өтті

Елена Тиунцева – кинолог, хэндлер, Түмен қаласы, РФ:

– Біз Түмен қаласынан 6 ит әкелдік. Олар әр түрлі тұқымды. Американдық акита мен стаффорд, икуттық лайка, 2 бигель және басенджи.

Бұл – 4 айлық “Лея” деп аталатын күшік. Бишон фризе тұқымына жататын декоративті иттердің сыртқы келбетіне келетін болсақ, олар бұйра, ұзын және аппақ жүнді болып келеді. Атап өтсек, француз болонкаларының жүріс-тұрысы өте тартымды. Арнайы Магнитогорск қаласынан сатып алған ерекше майда иттің қожайыны – петропавлдық Лариса Султанова. Оның айтуынша, төрт аяқты үй жануары өздерінің иелеріне өте мейірімді болады.

– Ал, бұл “Батлер” есімді ағылшын бульдогі. Арнайы осы көрмеге Омбы қаласынан әкелінген күшіктің салмағы 30 келі. Бүгіндері оның құны 600 мың теңгеге бағаланып отыр.

Көрмеде иттердің – ирландық бөрібасар,алабай, тазы, хаски, чау-чау, такса, лабродор сынды 50-ден астам түрін кездестіруге болады. Олардың арасынан жеңімпазды анықтау оңайға түспесі анық.

Ирина Подскребкина – «Барри» иттерді ұстайтын әуесқойлар клубының төрайымы, Петропавл қаласы:

– Жыл санап, осы байқауға қатысушылардың саны артып келеді. Биылғы көрмеге еліміздің және Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасының өкілдері келіп отыр. Айта кетсек, Бішкек , Мәскеу, Новосібір, Омбы, Түмен, Челябі, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай және Петропавл қаласынан әкелінген иттер бар. Осы шараның басты мақсаты – төрт аяқты үй жануарларының әр түрлі тұқымдары бар екенін көрсетіп, араларынан ең мықты, әдемілерін таңдап алу.

Айта кетсек, иттердің байқауы қаламызда 21 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Тогжан Акмагамбетова