Спорт

Петропавлда аралас жекпе-жектен жарыс өтті

Жігіттер бастапқыда аңдысып бақты. Бір-біріне аса соққы бағыттамады. Кейін, жерлесіміз шабуылға көшті. Оңтайлы сәттерде қарсыласын қапы қалдырып отырды. Дегенмен, қонақ спортшы оңай шағылар жаңғақ еместігін дәлелдеді. Ол кездесу соңына таман партердегі айқас кезінде Тамерланды бірнеше мәрте жұдырығының астына алды. Осылайша төрешілердің шешімі бойынша Вячеслав жеңімпаз атанды.

Вячеслав Юстус – жарысқа қатысушы, Қостанай қаласы:

– Жекпе-жектің соңғы секундтарында қарсыласымның қылқындыру әдісіне түсіп қалдым. Жеңілген шығырмын деп ойлағам. Бірақ, барымды салып, сытылып шықтым. Жалпы, менімен кездескен спортшы өте мықты. Оның шеберлігіне жоғары баға беремін. Қолмен жұмсаған соққылары ауыр. Осындай қарсыласты жеңгеніме қуаныштымын.

Кейін, ортаға ауыр салмақтағы жігіттер шықты. Олар да тартысты кездесулер өткізіп, бәсеке көркін қыздырды. Жалпы, бұл жарысқа 40-тан аса спортшы қатысып отыр. Шын шеберлердің арасында ресейліктер де бар.

Азамат Садвакасов – жарыс ұйымдастырушысы:

– ММА аралас жекпе-жектен Солтүстік өңірдің ашық чемпионатын осымен үшінші рет ұйымдастырып отырмыз. Сайыста еліміздің 4 өңірінің спортшылар бақ сынауда. Тағы, Ресейден де жігіттер келді. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша кездесу өткізбек. Бүгін тағы, көрермендер ММА спортының кәсіби шеберлерінің де бәсекесін тамашалайтын болады.

Айта кетейік, бұл жарысты ұйымдастырушылар Петропавлдың туған күніне арнап, өткізіп отыр. Сайыс соңында жеңімпаздар медаль, кубоктармен марапатталды.

 

Култанов Байболат