Балалар

Теріскейліктер спорттық аталым бойынша гиннестің әлемдік рекордын жаңартты

Нақтырақ айтсақ, мына алаңға жиылған 800 адам бір мезетте спорттық жаттығулар жасаулары керек. Олар 32 қатарға тізілген. Арасында Асылхан Макеновте бар. Физика және астрономия мамандығы бойынша жергілікті университетте оқып жатқан жасөспірім бүгін өзгелері секілді 30 рет секіру міндетін орындауда.

Асылхан Макенов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Өзім әрқашан осындай шараларға қатысып тұрамын.

Айта кету керек, бұған дейін аталмыш әлемдік рекордты Америка құрама штатының 700 азаматы орнатыпты. Енді, міне солтүстікқазақстандықтарда бұл шараға белсене араласып, елімізді төрткүл дүниеге танытпақ ниетте.

Айжан Кудерина – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры:


–  1-2 күннің ішінде дайындалып, әлемдік рекортты жаңартуға шешім қабылдадық.

Аталған міндеттті теріскейліктер орындап шықты. Жиын соңы би флешмобымен аяқталды.

Атап өту керек, бүгіндері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де 4500-ге жуық студент білім алады.

Тоғжан Ақмағамбетова