Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да Астана күніне орай салтанатты жиын өтті

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді елордасы Астананың туған күнімен құттықтаймын. Астана жасампаз еліміздің жас қаласына айналды.

Бұдан соң өңір жетекшісі еңбегімен ерекшеленгендерді мемлекет наградалармен марапаттады. Салтанатты жиын байланыс саласының ардагері Тілек Әбдірахманов “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалін тағынды.

Тілек Әбдірахманов – еңбек ардегері:

– Барша жерлестерімді елордамыздың туған күнімен құттықтаймын. Мен байланыс саласында көп жыл еңбек еттім. Біздің кезімізде жұмыс істеу қиын болды.

Бүгінгі мерекелік шарада түрлі сала өкілдері еліміздің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қошеметке бөленді. Бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық “Бірлік” алтын медалін тағынса, енді бірі төсбелгі иегері атанды. Ал Александр Новичков “Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапатталды. Футболдан БЖСМ әдіскер-нұсқаушысы бұл салаға саналы ғұмырының 44 жылын арнапты. Меңгермеген спорт түрі саусақпен санарлықтай.

Александр Новичков – футболдан БЖСМ әдіскер-нұсқаушысы:

– Өзім кезінде шахмат, футбол, бокс деген спорт түрлерімен айналысқанмын. Қазір шахматтан жасөспірімдерге сабақ беремін. Александр Матрос деген мықты шәкіртім бар. Халықаралық дәрежедегі спор шебері. Бүгінгі марапатыма өте қуаныштымын. Мереке құтты болсын.

Бұдан бөлек 7 жерлесіміз облыс әкімінің Құрме грамотасын, 6 теріскейлік Алғыс хатын иеленді. Қошеметке бөленгендердің қатарында “Қызылжар су” ЖШС экскаватор машинисті Александр Гурзо да бар. Маман түрлі кәсіпорындарда 1973-ші жылдан бастап механизатор болып еңбек етіп келеді. Ал “Қызылжар су” серіктестігіне 2000-шы жылы келіпті.

Александр Гурзо – “Қызылжар су” ЖШС экскаватор машинисті:

– Бұл менің ауқымды шарада алған алғашқы марапатым. Өте қуаныштымын. Өзім Қазақастанға Ресейден 1985-ші жылы келдім. Үйленіп, осында қалуды жөн санадым. Қазір біз қалада түрлі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Баршамызға еліміздің жүрегі Астана қаласының туған күні құтты болсын.

Салатанатты жиын соңы өңір әртістерінің ән-шашуына ұласты.

Риат Шони