МТРА жаңалықтары

Облыста дін қызметкерлері бас қосты

Аслан Әліпбаев – СҚО Дін істері басқармасының бас маманы:

– Маусымның 20-сы күні елбасымыздың жарлығымен 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы қабылданды. Жиында осы тұжырымдаманың басты тұстарын осы жиында айтамын.

Тағы, шарада жергілікті атқару органдары тарапынан тұрғындарға көрсетілетін діни мемлекеттік қызметтің 5 түрі айтылды.

Аслан Әліпбаев – СҚО Дін істері басқармасының бас маманы:

– Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу, ғибадат үйлерінен тыс дәни іс-шараларға рұқсат беру туралы қызмет түрлері ұсынылады.

Қазақстан зайырлы мемлекет. Еліміздің азаматтары алдымен заң талаптарына бағынуы керек. Дін қызметкерлері ережелерді халыққа түсіндірудің маңызына тоқталды.

Қасымхан қажы Абдуллаұлы – облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы:

 

– Бәріміз бір адам атадан тарағанбыз. Сол себепті барлық ұлт өкілдері бір-бірін құрметтеу керек.

Жиыннан соң, діни бірлестік көшбасшылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде 12 діни бірлестік бар. Олар 8 бірдей конфессиялық бағыт бойынша жұмыс істеуде.

Байболат Бектемірұлы