Қоғам

Биыл СҚО “Жасыл ел” жасағының қатарында 600-ден астам жас еңбектенбек

Елемес Нұртазин – “Қызылжар орман шаруашылығы” КММ орман қорықшысы:

– Орман қорықшылардың саны аз. Жастардың көмегінсіз орман ішін арам шөп, бөтен ағаштардан арылта алмаймыз.

Бұл жастар жазғы демалыстарын табиғат аясында өткізуді жөн санапты. Олар 20 күн бойы осы іспен айналыспақ. Сәния Шүкеноваға табиғат аясында таза ауамен тыныстаған ұнайды екен.

Сәния Шүкенова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Жазғы уақытта босқа жүргім келмейді. Қосымша табыс, екіншіден, ата-анама көмек. Үшіншіден пайдалы іс.

Кирилл Станин де М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқиды. Болашақ инженер табиғатқа әр адам қамқорлықпен қараса дейді.

Кирилл Станин – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Жалақысына көңілім толады. Өз қатарластарыммен ашық аспан астында еңбек етіп жүрмін. Осы іске жастарды көбірек тарту керек деп есептеймін. Мұнда жаңа достар таптым. Таңнан кешке дейін 8 сағат жұмыс істейміз. Түскі асымызды өзімізбен бірге алып келеміз.

Былтырғыға қарағанда биыл «Жасыл ел» жасағына алынған студенттердің саны екі есе көп. Барлығы 665 сарбаздың тең жартысы орман шаруашылықтарында еңбектенуде.

Гоара Абраамян – «Жасыл ел» республикалық штабының СҚОФ менеджері
ауд: “Биыл “Жасыл ел”-ге қаржы екі есе көп бөлінді. Аудандардағы орман шарушылықтарында жұмыс істеп жүрген жастар 55 мың теңге, ауылдар мен облыс орталығын аббаттандыруға атсалысып жүргендерге 28 мың теңге төленеді. Олар 5 күн жұмыс істеп, екі күн демалады.

Орман ішін тазалау тамыз айының соңына дейін жалғасады. 20 күнен кейін бұл студенттерді басқалары алмастырады.

Берік Қасен