МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының 20 % өскеніне қуанышты

Арай Нұғыманова – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– 2016 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 37 мың теңгеден болды. Кейін 2017 жылдың қаңтарында 9 % қосылып 40 950 теңгені құрады. Ал 1 шілдеде тағы 11 % қосылып базалық зейнетақымен қоса есептегенде 45 711 теңгені құрады.

Жерлесіміз Теміртас Баянов 40 жыл бойы бел жазбай еңбек етіпті. Қазіргі таңда қолға алатын зейнетақым мардымсыз дейді.

Теміртас Баянов:


– 40 жыл еңбек өтілім бар. Зейнетақым аз. Күн көрісіме жетеді. Десе де көтерсе жақсы болар еді.

Қариялар мемлекеттің қамқорлығына риза. Келесі жылы базалық зейнетақының қайта қаралатынына қуаныштымыз дейді. 2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде әділдік орнайды. Көп жыл жұмыс істегендердің базалық зейнетақысы көтеріледі. Ол үшін қарияларға қайта құжат жинаудың қажеті жоқ. Барлық мәлімет еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаментінің деректер қорында сақталған.

Арай Нұғыманова – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Базалық зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен 98 жылдан кейінгі зейнетақы жинақтаушы жүйсеіндегі кезең қайта қаралатын болады.

Арай Нұғыманованың айтуынша, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жарнасы 9 млн теңгеге жеткен нәзік жандылар мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шыға алады. Одан бөлек 5 және одан көп баласы бар аналар, Семей полигоны аумағында кемі 5 жыл тұрған әйелдер заң бойынша 53 жасында зейнетке шығады.

Бүгінде мемлекет демографиялық ахуалды оңалту үшін аналарды қаржылай ынталандыруда. Биыл бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі де 20 %-ға өсті.

Арай Нұғыманова – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы:


– 1-шілдеден бастап бірінші, екінші, үшінші бала туылса, оларға 86 мың теңге бір реттік жәрдемақы төленеді. Төрт және оданда көп сәбиді дүниеге әкелген аналарға 142 мың теңгеден астам бір реттік жәрдемақы төленеді.

Бейінді ведоство мамандары 2027 жылға қарай барлық әйелдер 63 жасында зейнетке шығарылады. Оған дейін нәзік жандылар жемісті еңбек етіп, ай сайын зейнетақы аударымдарының болуын ескерсе екен дейді.

Берік Қасен