Құқық қорғау органдары

Солтүстік Қазақстанда заңсыз шекара кеспек болғандар құрықталды

Әлихан Байқадамов – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы шекара қызметімен бірігіп аталған қылмыстық топтың ісін әшкере қылды. Олар Ресей Федерациясына Орталық және Орта Азия елдерінен мигранттарды шекарадан өткізіп отырған. Ал ол тұлғалардың көрші мемлекетке өтуге рұқсаттары жоқ.

Ресейге 6 бірдей Өзбекстандықты өткізбек болғанда 5 теріскейлік құрықталды. Бірақ мұнымен іс біткен жоқ. Тәртіп сақшылары ұйымдастырған жедел алдын алу шарасы барысында тағы бір қылмыстың бетін қайтарды. Ол Өзбекстан азаматына қарақшылық шабуыл әзірленіп жатыр екен.

Әлихан Байқадамов – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы

– Бұл топты тергеу барысында Өзбекстандық бір топ азаматқа қарақшылық шабуыл жасалмақ болғаны белгілі болды. Олар ақысын төлеп, заңсыз шекара кесуден бас тартыпты. Құқықбұзушылық орын алғанда бет перде киген облыс орталығының 4 тұрғыны құрықталды.

Барлық күдіктілерді жедел уәкілдер қолға түсірді. Қазір олар тергеу изоляторында. Көбісі бұрын істі болған.

– Я их знал, сам приводил на квартиру, просто думал у них деньги есть, хотел взять деньги и все.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Үш бірдей бап қарастырылған. Олар: “Заңсыз миграция ұйымдастыру”, “Ұйымдасқан топ құрып оны басқару” және “Қарақшылық”.

 

Риат Шони