МТРА жаңалықтары

Өңірімізде ауыл шаруашылығының дамуына үлкен көңіл бөлінуде

Бүгінде агроқұрылым аумағында 15 мың гектар алқап бар. Бірнеше жыл қатарынан астықты өнімді отырғызған қожалық, биылғы жылы майлы дақылдарға басымдық беруді шешіпті. Осы мақсатта егіндік жердің тең жартысына рапс, зығыр сынды өсімдіктерді еккен.

Олег Григорьев, “Агротехника Жамбыл” ЖШС директорының орынбасары, Жамбыл ауданы:

– 2,5 мың гектарды парға қалдырдық. Ал қалған аумаққа түрлі дақылдар ектік. Мәселен, 2 мың гектарға – бидай, мың гектар – арпа мен 700 га егістік жері – сұлыға бөлінді. Ал майлы дақылдар ішінен осы жылы алғаш рет жасымықты отырғызып көрдік. Бұршақ тұқымдас өсімдік жақсы өнім берсе, келесі жылы егістік алқабын кеңейтпек ниеттеміз.

Ал мал шаруашылығын болса, серіктестік тек 2014 жылдан бастап қана қолға алған. Алғашында 19 млн тенге несиеге 53 бас абердин-ангус ірі қарасын сатып алыпты. Кейін қожалық асыл тұқымды мал етін экспортқа шығарптақ ниетте, төл санын көбейтуді жоспарлаған. Сөйтіп, бір жылдан соң мал басын тағы 180-ге арттырыпты.

Олег Григорьев, “Агротехника Жамбыл” ЖШС директорының орынбасары, Жамбыл ауданы:

– Қаражатты 2-ші дәрежелі банк арқылы алдық, ал пайыздық мөлшерлемені бізге “Даму” қоры субсидиялады. 2016 жылы мал шаруашылығын кеңейту мақсатында өз қаражатымызға Қостанай облысынан ангар сатып алдық. Оны кез келген жерге тұрғызуға болады. 200-250 бас қара малға арналған, аумағы 900-дей шаршы метрді құрайды.

–  Бұл “Агротехника Жамбыл” серіктестігінің мал жайылымы. Қазір мұнда 350-ден астам бас ірі қара бағылуда. Олар таңғы алтыдан бастап, кеш батқанша дейін осы жерде жайылады екен.

Бүгінде шаруашылықта 450-ден астам ірі қара бар. Кәсіпорын алдағы уақытта ерекше күтімді талап етпейтін асыл тұқымды ангус сиырларының санын әлі де арттырмақ ниетте.

 

Эльмира Садвокасова