МТРА жаңалықтары

Өңірде жыл басынан 10 адам суға батып кеткен

Рамиль Камалов – СҚО ТЖД бастығы:


–  Солтүстік Қазақстан жерінде 2300-ден аса су қоймасы бар. Сол себепті өзен-көлдерге бату қауіпі жоғары. Көп адамдар сақтық шараларын мүлде қаперге ілмейді. Осының кесірі қайғылы жағдайға алып келеді. Тағы, ата-аналар да балаларын қараусыз қалдырады. Биыл 3 бірдей кәмелет жасына толмаған бала әке-шешелерінің немқұрайлылықтары салдарына суға кетті.

Облыс аумағында соңғы оқыс оқиға маусымның 29-ы орын алды. Бұл күні Ақжар ауданында колледж тәмамдаған түлек Шет өзеніне батып кетті. Дипломын қолына алған 16 жастағы бала, табиғат аясында достарымен сауық құрған көрінеде. Алайда, қыдырыс соңы қайғылы аяқталды.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Ақжар ауданының тәртіп сақшылары мен құтқарушылар баланы іздейді. Барақ, таба алмайды.

Қазіргі таңда теріскейде суға батып кету оқиғаларының алдын алу бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Департамент мамандары демалыс орындарын аралап, тұрғындарға 6 мыңнан аса жаднама қағаз таратқан. Бірқатар аумақтарға ескерту мен тыйым салу белгілері де орнатылды. Бұдан бөлек, құтқарушылар күзет шараларын да мықтап қолға алған.

–  Өңірдегі адамдар көп жиналатын 3 бірдей су тоғаны мамандардың қатаң бақылауында. Олардың бірі Есіл ауданындағы – Үлкен Тораңғұл көлі. Екеуі Петропавлда орналасқан.

Жалпы, биыл өңір құтқарушылары суға батып бара жатқан жерінен 12 адамды аман алып қалыпты. Тағы, тұрғындар демалыс орындарында тәртіп сақтаулары шарт. Ішімдік ішіп, белгілен аймақтан асу сынды фактілерге жол берген 97 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған. Естеріңізге сала кетейік, бүгі таңда облыста 44 демалыс орны жұмыс істеп тұр.

Култанов Байболат