МТРА жаңалықтары

Елордасы Астана 6-шы шілдеде 19 жасқа толады

Жансұлу Бекенова – облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Ақмола ол орыс тілінен аударғанда “Белая могила” деген мағына береді. Бұл атау өте ауыр. Сол себепті оны Астана қылып өзгертті.

Бірақ, елорданы ресми түрде таныстыру тек 1998-ші жылдың 10-шы маусымында орын алды. Сөйтіп, Егеменді еліміз үшін жаңа дәуір басталды. Елорданы таныстыру жайлы мерзімді баспалардың алағашқы парақтарында түрлі мақалалар шыға бастады. Ал теріскейлік ақын Кәкімбек Салықов “Туған күнің, Астана құтты болсын” атты өлеңін арнаған. Біртіндеп Астана қаласында да зәулім ғимараттар бой көтеріп, көздің жауын алардай кейіпке енді.

Жансұлу Бекенова – облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі:

– Бәйтерек – ол Астананың символы. Биіктігі 97 метр. Елорда да 1997-ші жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілген болатын.

Биыл шілденің 6-ы күні еліміздің бас шаһары 19 жасқа толады. Бұл өткен ғасырдың ең жас елордасы болып саналады. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына “Бейбітшілік қаласы” жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.

 

Риат Шони