МТРА жаңалықтары

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 24-і жұмыс күні

Жалпы ЭКСПО қалашығы елордада өтіп жатқан түрлі мерекелердің алаңына айналды. 3-4 шілде Конгресс орталықта «World Robot Olympiad» деген атаумен робототехникадан республикалық жарыс өтеді. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген үш жүзден астам мектеп оқушылары қатысады. Жарысқа Петропавлдан 8 бала аттанды. Бұл бәсеке аяқталғаннан кейін қараша айында Коста-Рикада өтетін «World Robot Olympiad-2017» халықаралық олимпиадасына баратын құрама жасақталатын болады.
Сондай-ақ, бүгін ЭКСПО-да өзінің ұлттық күнін Мысыр елі атап өтуде. Ал еліміздің ұлттық музейінде қару өнері көрмесі ашылды. Мұнда Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитаждан арнайы әкелінген жәдігерлер халыққа ұсынылмақ. Бұл көрме қыркүйектің 20-на дейін жұмыс істейді.

 

Риат Шони