Ауыл шаруашылығы

2017 жылы “Мамбетов и К” КС асыл тұқымды мүйізді ірі қараны өткізу жоспарын 100% орындады

Арман Дәулетов – “Мамбетов и К” КС бас технологы:

– Ұрықты біз АҚШ-тан сатып аламыз. Сиырды қолдан ұрықтандырар алдында, оның денсаулық жағдайын жіті тексеріп аламыз. Бірінші кезекте салмақ қосу көрсеткішіне қараймыз. Нәтиже нашар болса сиырды сойып ет комбинатына жібереміз. Бұқаларды 3 жылдан артық ұстамаймыз. Екпе жұмыстары уақытында өткізіледі. Технологияны сақтаудың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрміз. Сиырлар жылдың алғашқы үш айында төл береді. Бұзаулар 8 айдың ішінде 300 келіге дейін салмақ жинайды. Бұзауларды күзде сиырлардан айырып, бөлек ұстаймыз. 12,14 айлығына жеткенде сатады.

Ерекше күтімді қажет етпейтін абердин-ангус тұқымының 12 айдың ішінде салмағы 450-500 келіге дейін жетеді. “Мамбетов и К” КС бас директоры Еркебұлан Мамбетов жыл бойы бағып-қаққан малдары толық өткізе алмай жүріпті. Биыл айы оңынан туып шағын шаруашылықтарға 300-ге жуық асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал сатыпты. Осылайша, жоспардың 100 пайызы орындалған. Сұраныстың артуына байланысты шаруашылығы келешекте аналық малдың басын 400-ге дейін арттыруды жоспарлауда.

Еркебұлан Мамбетов – “Мамбетов и К” КС бас директоры:

– Бұқа, тайшаларды шағын шаруашылықтарға сатамыз. 100-ден астам бұқаны саттық. СҚ, Ақмола, Қарағанды облысы, 40 бас тайша саттық.

Еркебұлан Мамбетовтың айтуынша, асыл тұқымды малды Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының фермерлері көбірек алады. Биыл КС бір бұқаны 450 мың теңгеге саттыпты, артылғандарын ет комбинаттарына өткізген.

Еркебұлан Мамбетов – “Мамбетов и К” КС бас директоры:

 

– Малдың генетикалық әлеуетін жоғалтып алған жоқпыз. Төлдері бұрынғысынша күн сайын 1-1,5 келі салмақ жинайды. Сиырларды қолдан ұрықтандыру ісіне мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандарын тартамыз.

Шаруашылық жыл сайын мемлекеттен 35 млн теңге субсидия алып тұрады. Қаражат селекциялық жұмыстар мен жем-азық дақылдарын сатып алуға жұмсалады.

Берік Қасен