МТРА жаңалықтары

СҚО-на жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келді

Бұған дейін балалар аудан орталығына барып тәлім алатын. Қазір мектепте 250 оқушы оқиды. Құрметті мейман білім ұясының материалдық-техникалық жарақтандырылуын қарап, асхананы байқады. Бұдан соң спорт залда балалардың жаттығуын тамашалады. Сонымен қатар мектепте шағын орталық та бар. Екі топта 50 бала тәрбиеленеді. Шағын орталық елді мекенді толық қамти алмайтын көрінеді. Ауылға тағы балабақша керек. Мұндай өтінішті жергілікті халық министрмен кездесуде айтты.

Серік Нұрақаев – Бәйтерек ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:


–  Бұл ауылға балабақша керек. Бала саны көп. Мектепке дейінгі біліммен қамту мекемесі ашылса үйде отырған келіншектер жұмысқа шығар еді.

Тамара Дүйсенова мәселені шешуде кәсіпкерлер ат салысу керектігін жеткізді. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыруға болады.

Тамара Дүйсенова – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Қазір елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша тұрғызуға болады. Оның тиімділігі ғимарат кәсіпкердің меншігінде қалады. Ал жұмысшылардың жалақысын, ішкі жарақтандыруларға үкімет өзі ақша төлейді.

Мұндағы тұрғындардың дені жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Қол қусырып отырғандары жоқ. Мемлекеттің де қолдауында сезініп жүрміз дейді. Кездесу соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндірді.

Тамара Дүйсенова – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– 10 млн адамға үкімет қорға ақшаны өзі аударады. Оған арнай топтағы жандар кіреді. Жұмыс бастылар өздері төлейді.

Бұдан кейін елордалық мейман ауылда былтырғы жылдың қазан айында ашылған фельдершілк акушерлік пункті байқады. Бұл ғиамаратты тұрғызуға облыстық бюджеттен 20 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Ал ішін замануи қондырғылармен жарақтандыруға аудандық орталық аурухана мен облыстық денсаулық басқармасы көмектесіпті.

Риат Шони