МТРА жаңалықтары

“Қазақстанның үздік тауары” облыстық көрмесі өтті

Бұл “Soltustik Rubber Recycling” ЖШС-ның повильоны. Кәсіпорын автокөлік шиналарын ұсақтау арқылы қайта өңдейді. Кейін олардан денсаулыққа зиянсыз, түрлі жарқаттардан сақтайтын және қолданылу аясы кең резеңке кілемшелер жасап шығарады. Айта кету керек, аталмыш компания бұл тауарды өндіретін облысымыздағы жалғыз кәсіпорын. Биылғы көрмеде бағы жанып, “халыққа арналған үздік тауар” аталымында топ жарды.

Игорь Машковцев, “Soltustik Rubber Recycling” ЖШС сату бөлімінің жетекшісі:


– Біз еңбек нарығында 2015 жылдан бастап жұмыс жасап келеміз. Өндірісіміз қалдықсыз, экологияға еш зиянын келтірмейді. Тауарға деген сұраныс жоғары. Себебі бұл резеңке кілемшелерді спорт алаңдарына тіпті мал шаруашылығында еркін қолдануға болады. Күніне 2 тонаға жуық шинаны қайта өңдейміз. Ал жылына 300 мың тонна.

Өңіріміздің үздік өнімдері қойылып, өзара сынасқан бұл көрмеге 48 кәсіпорын қатысты. Павильондардан орын тепкен тауарлардың қолданылу аясы сан алуан. Шара облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырыумен өтті. Көзделеген мақсат-өңірлік кәсіпорындардың жұмысын жандандыру.

Тұрар Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Бұл көрме-байқау арқылы облыс және қала тұрғындары өңірімізде ісін дөңгелетіп отырған кәсіпорындармен жіті таныса алады. Олардың жасайтын өнімдерін қолдарымен ұстап, дәмін тату мүмкіндігіне ие. Байқауда ұсынылған тауарлардың сапасы ғана емес, кәсіпорынның нарықта алатын орны жоспары сыналады. Кәсіпорының облыс экономикасына түсіретін пайдасы да ескеріледі.

Қатысушылар үш аталым бойынша сынға түсті. Арнайы құрылған комиссия өндірістік мақсаттағы, халыққа арналған және азық-түлік өндіруші үздік кәсіпорындарды анықтады.

Тұрар Ысқақов, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

 

– Үстіміздегі жылы байқаудың республикалық кезеңін 28-30 шілде аралығында өткізу жоспарда. Ол “Ұлы дала елі” республикалық форумы мен “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесі аясында өтетін болады. Республикалық кезеңге аймақтан үздік деп танылған кәсіпорындар қатысады.

Ал мына декоративті ретро автокөлік “АРТСТРОЙ” компаниясы шеберлерінің қолынан шыққан. Жүлдеге ілікпесе де, көздің жауын алатын туындыны кәсіпорын қала әкімшілігіне сыйламақ.
Аймақтық көрмеге қатысушылардың бәріне алғыс хаттар ұсынылды. Қазылжар 9 жеңімпаз кәсіпорынды іріктеп алды. Олар елордада өтетін республикалық байқауда Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды.

Саят Ермек