Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер алуға өтініштер қабылдау науқаны басталды

Райхан Әбдірахманова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

– Ж.Қизатов көшесі 2 Л мекен жайы – өзге аудан болып есептеледі. Біздің көптеген нысандарымыз Береке шағын ауданында орналасқан. Енді міне бұл жерде жаңа аудан пайда болмақ. Мұндағы 9 қабатты ғимаратта 126 пәтер болады.

Тағы бір 75 пәтерлі тұрғын үй Береке шағын ауданында салынуда. Мұнда шаршы метр үлкен, бірақ бағасы 10 мың теңгеге төмен. Сол себепті, бұнда пәтерлерге қарағанда қоныс тойын тойлауға ниеттілердің саны көп болуы мүмкін. Бұндай келеңсіз жәйттер орын алмас үшін қаржы институтында арнайы балдық жүйе бар. Оның арқасында қоныс тойын тойлаушылардың потенциалы есептелінеді.

Райхан Әбдірахманова – “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

– Салымшы қандай пәтерге ие бола алатынын балдық жүйе таңдайды. Бұрындары кімнің неше бөлмеліге көше алатынын әкімдік қарастыратын. Ал біз тек өз салымшыларымыз бойынша шешетінбіз. Қазір жүйе барлығына ортақ. Бұл жаңашылдық салымшының ақшаны жиі аударуы мен сомасын есептейді. Яғни, жүйелі түрде мерзімінен кешіктірмей қаржы салып тұрғандардың балдары жоғары болады.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Ол бұрынғыдай бастапқы салымның 50 емес, 30 пайыз болуы және несиелік ставканыың 5 пайызы. Жалпы Петропавлда биыл 7 несиелік үй тұрғызылуда. Оның екеуі бүгінде қолданысқа берілген. Тағы соншасы шілдеде және үшеуі қыркүйектің соңы мен қазанның басында халық игілігіне беріледі. Бұл іске 3,5 млрд теңге жұмсалмақ.

Серік Сабралин – Петропавл қаласы құрылыс бөлімінің басшысы:

– Үйлердің сапасы мен өзгеде сұрақтар туындамауы керек. Өйткені мердігер компаниялар заң бойынша екі жылға кепілдікке жауапты. Бұл үйлер 4-ші жайлылық классқа жатады.

Бұған қоса облыс орталығында Шухов көшесі бойында жалға берілетін 4 үй іске қосылмақ. Ондағы пәтерлердің кілті әкімдікте кезекте тұрғандарға беріледі. Бүгінде бұл жандардың саны 18 мыңға жуық.

 

Риат Шони