Өнеркәсіп

“Молпродукт” ЖШС “Сенім” сертификатына ие болды

Жалпы, “Сенім” сертификатын алу үшін өндіріс ошағының басшылығы жергілікті еңбек инспекторларына өтініш білдірулері тиіс. Кейін, мамандар қажетті талаптар негізінде кәсіпорынды 5 жұмыс күні ішінде бақылаудан өткізеді.

Төлеген Оспанқұлов – ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы:

– Еңбек қатаң сақтап, жұмысшыларға уақытында жалақы беретін, аттестациялан өткен кәсіпорындар “Сенім” сертификатына ие болады. Қазіргі таңда еліміздегі 93 кәсіпорынға бұл құжат тапсырылды.

Қазіргі таңда “Молпродукт” серіктестігінде 200-ге жуық маман жұмыс істеуде. Оларға жалақы уақытында төленеді. Жұмысшылар техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды.

Асылбек Әбенов – “Молпродукт” ЖШС техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері:

– Техникалық қауіпсіздік бойынша қызметкерлеріміз оқытылады. Оларға барлық ережелер түсіндіріледі. Жұмысқа орналасуға келген мамандармен де жұмыс істейміз. Тәжірбие кезінде білікті жұмысшыларымыз жаңадан қабылданатын жанның қасында болады. Қондырғыларды басқару жолдары түсіндіріледі.

Айта кеткен жөн, “Сенім” сертификатын бұрындары өңірдегі “Ақселеу” ЖШС мен жергілікті “Қазақтелеком” АҚ жергілікті филиалы алыпты. Айта кеткен жөн, бұл куәлік тапсырылған мекемелер 3 жыл бойы мемлекеттік тексерістен өткізілмейді. Бақылау тек жұмысшылардың өтініштері бойынша жүргізіледі.

 

Култанов Байболат