Спорт

Петропавлда облыстық “Надежда” спартакиадасы басталды

Данияр Жаналинов – СҚО мүгедектер спорты федерациясының құрметті президенті:

– Құрметті спортшылар мен қонақтар! Сіздерді облыстық “Надежда” спартакиадасының ашылуымен құттықтаймын. Араларыңда тек мықтылар жеңіске жетсін.

Бұдан соң жарыс басталды. Дәл қазір жеңіл атлетшілер түрлі қашықтықтарды бағындырып, ұзындыққа секіруде мықтыларын анықтау үстінде. Бұл сынға қатысып отырғандардың арасында Кристина Вильданова да бар. 18 жастағы бойжеткеннің құлағының мүкісі бар. Оның спортқа бет бұрғанына 4 жыл болыпты. Нәзік жанды бүгін 3 метр 67 см-ге секіріп үздіктердің қатарынан көрінді.

Кристина Вильданова – жарысқа қатысушы:

– Маған жарыстарға қатысқан өте ұнайды. Жүгірудегі сүйікті қашықтықтарым ол – 100 және 200 метр. Бұдан бөлек мен 2016 жылдың наурызында Қарағанды қаласында есту кемістігі бар жандар арасында өткен жарыста 60 метрге жүгіріп, күміс медаль иелендім. Менің алдағы арманы сурдоолипиада ойындарына алынып, жоғарғы нәтиже көрсету.

Облыстық спартакиада 2 күнге жалғасады. Оның қорытындысы бойынша қыркүйектің 11-і мен 25-і аралығында Атырау қаласында өтетін республикалық додада өңір намысын қорғайтын құрама жасақталмақ.

 

Риат Шони