Қоғам

Петропавлда дін мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті

Қанат Мұстафин – “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің наиб имамы:

– Интернетте пайдалы да, зиян да ақпарат бар. Осы керексіз мәліметтерді адамдар алып, шет елдерге кетіп қалуда.

Ал, жиынға қатысушы облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Сергей Могунов статистикалық мәліметтерді сөз етті. Оның айтуынша соңғы жылдары өңірде тұрақты түрде құдайға дұрыс жолмен құлшылық ететіндердің саны 15 пайызға жеткен. Бұны азамат дұрыс санайды.

Сергей Могунов – СҚО дін істері басқармасының бөлім басшысы:

– Жуырда ғана Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі хабарлады. Қазір еліміздегі тұрғындардың 90 пайызы дінді ұстанады. Оның 75-і анда-санда мешітке, шіркеуге барып, құлшылық жасайды. Бізге осы ретте білікті имамамдар мен моллалар көп керек. Олар адамдарға, әсіресе жастарға дұрыс тәрбие береді. Осының арқасында теріс ағымға түсетін жандардың санын азайтатын боламыз.

Жиын барысында дөңгелек үстел басына жиналғандардың әр бірі сөз алды. Олар теріс ағымдағы діндердің төндірер қауіпін өзара талқылап, қорғану амалдарын әңгіме етті.

 

Култанов Байболат