Спорт

Теріскейлік бишілер халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Нина Котова:

– Бұл немерем қатысып отырған 3-ші ірі байқау. Бұған дейін Астана мен Мәскеу қалаларында өткен конкурстарда бақ сынады. Бишілердің жеткен жетістіктеріне дән ризамын. Қуанып тұрмын.

Көп кешікпей асыға күткен поезда діттеген жерге жетті.

Міне, вагоннан бишілер де шыға бастады. Қыздарын көруге асыққан ата-аналар балаларын құттықтауда.

Жалпы, балалар мен жасөспірімдердің конкурсы маусымның 26-сы мен 28-і күндері Ресейдің Қазан қаласында өтті. Халықаралық байқауға 70-ке жуық өнерұжымы қатысыпты. Олардың барлығы жүлдеден үміткер болған. Дегенмен, солтүстікқазақстандық халықтық ти театыры қыздарының шеберліктерін қазылар жоғары бағалаған екен.

Алена Маринец – “Экспромт” халықтық би театрының көркемдік жетекшісі:

– Жеңіспен келдік. “Эстрадалық би” аталымында 1 орынды иелендік. Бұл біздің тыңғылықты дайындығымыздың арқасы. Тағы, “Заманауи хорография”, “Мәнерлі қимыл” аталымдарында да 2-ші лауреат атандық. Негізі қыздарым жарады. Алға қойған мақсаттарына жетті. Мен олар үшін қуаныштымын.

Байқауға “Экспромт” халықтық би театрының 18 қызы қатысыпты. Бишілердің барлығы да бұл конкурстан мол тәжірбие алғандықтарын айтады.

Екатерина Флейшман – “Экспромт” халықтық би театрының бишісі:

– Бізге байқау өте ұнады. Көптеген достар таптым. Тәжірбиелі бишілердің өнерін тамашаладық. Жүлдегер атанғанда барлығымыз қуандық. Қазан қаласынан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өте әдемі шаһар.

Бишілер дайындықтықты әрі қарай жалғастырмақ. Желтоқсан айында жерлестеріміз Ресейдің Санкт-Петербург қаласында халықаралық “Artis-2017” атты байқауға қатысуға ниетті.

 

Култанов Байболат