Құқық қорғау органдары

СҚО заңсыз сақталған қаруды тұрғындардан сатып алу бойынша акция жалғасуда

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ – ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ ИНСПЕКТОРЫ:

– Акцияға қатысу үшін азамат өзімен бірге төлқұжатының көшірмесін, кез келген банкта шоты бар туралы анықтама және қаруды алып келуі керек. Егер полиция қызметкерлері заңсыз сақталған қаруды тауып алса, сіздердің заң бойынша бас бостандығыңыз 5 жылға дейін шектелуі мүмкін.

Мынадай аңшы мылтығын тапсырып, 20 мың теңгеден астам өтемақы алуға болады. Бұл мүмкіндікті акция барысында 2 петропавлдық пайдаланып, қарудың шолақ түрін тапсырыпты. Айта кету керек, енді заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, қару иелері сейфтеріне дабыл белгісін орнатып, оны ұялы телефонға немесе күзет қызметін көрсететін ұйымға жалғау қажет.

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ – ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ ИНСПЕКТОРЫ:

– Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес өз еркімен қаруды тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.Әрбір қару иегері тұрғылықты мекенжайы бойынша сертификатталған күзету жүйесімен жабдықталуы қажет екендігі туралы хабарлаймыз.

Жалпы жыл басынан бері қалалық ішкі істер басқармасына 60 бірлік қару тапсырылған екен. Оның 4-уі – тапанша, біреуі револьвер, тағы 3-уі – газды қару.

 

Айгерим Ержанова