МТРА жаңалықтары

Медицина саласындағы проблемалар талқыға салынды

Владимир Безлер – СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Биыл да мұндай жағдай қайталанды. Себебі, ақша жетіспейді. Өңірімізге дәрі-дәрмекке 2,5 млрд теңге сұрадық. Бірақ оның тек 1,5-ы ғана бөлінді. Ал жергілікті бюджеттен 132 млн теңге қарастырылды. Бүгінде қаражат 50 пайызға игеріліп, 97 мың 430 адам керекті заттармен қамтылды.

Алда әлі жарты жыл уақыт бар. Ал бұл проблема қашан түбегейлі шешілмек?

Юрий Белоног – облыстық маслихаттың депутаты, облыстық аурухананың бас дәрігері:

– Біздің салада өткір мәселелер жоқ емес, бар. Кейбір проблемаларды шешу үшін заңнаманы өзгерту қажет. Мәселен, дәрі-дәрмектерді алу үшін конкурсты уақытында өткізу болмай тұр. Бұл ретте біз жоғары жақта отырған жауапты азамттарға шығып, бұл заңнаманы қайта қарастыруды өтінбекпіз.

Бұдан бөлек, өңірде тар сала мамандары тапшы. Бірақ бұл проблема жақында өз шешімін табады дейді мұндағылар. Себебі ағымдағы жылы ақ халаттылардың қатары 90 адаммен толықпақ.
Сонымен қатар жиынға қатысушылар мектептердегі медициналық пунктердің жағдайын сөз етті. Биыл олардың саны өңір бойынша 400-ге жеткен. Оның 3-уі санитарлы-гигиеналық нормаға сай келмейді. Тағы 25-не лицензия берілмеген. Айту керек, енді келер оқу жылынан бастап бұл емдеу орындарына денсаулықсақтау басқармалары жауапты болмақ.

 

Айгерим Ержанова