МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық оқушылар ЕХРО көрмесін тамашалады

Данияр Мұстахимов – Бескөл №2орта мектебінің оқушысы, Қызылжар ауданы:

– Астанаға барып, ЕХРО-ны көрдім. Бәрінен Қазақстан павильоны ұнады.

Мұндай мүмкіндікке Даниярдан өзге тағы 4 солтүстікқазақстандық ие болды. Жолдаманы бұл жігіттерге жергілікті Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары және ұстаздар қауымы сыйлаған. Оқу жылы барысында мұндағы студенттер өздері жасаған туындыларын сатып, қаражат жинаған.

Бақытжан Тұрсынов – Назарбаев зияткерлік мектебінің қосымша білім беру педагогы:

– Жүректен жүрекке акциясын ұйымдастырып, 310 мың теңгеге жуық ақша жиналды. Бұл сомаға біз балаларды Астанаға апарып келдік.

Мұндай игі шараға еліміздегі барлық Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ат салысты. Нәтижесінде 100ге жуық қазақстандық ұл-қыз Астанаға жолдамамен барып қайтты. ЕХРО-ны көріп қайту мүмкінді әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан балаларға берілді.

 

Айгерим Ержанова