МТРА жаңалықтары

СҚО ТЖД мамандары “Алтын күз” еңбек және демалыс лагерінде болды

Үшінші дода тіптен қызық. Бұл кезеңде команда капитандарының шапшаңдықтары сыналды. Олар өрт сөндірушілердің киімдерін жылдамдыққа киіп жарысты.

Қызықты сайыста “SOS” құрамасының көшбасшысы Олег Савельев жеңімпаз атанды. Жасөспірім тапсырманы небәрі 38 секунд ішінде орындады.

Олег Савельев – “SOS” құрамасының капитаны:

– Қарсыластарым жақсы өнер көрсетті. Барлығы шапшаң қимылдады. Мен бұрындары өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысқанмын. Сол себепті болар мамандардың қызметтік киімдерін кию қиынға соқпады.

Бұдан соң, ұл-қыздар суға тұншыққан адамға алғашқы көмек көрсетті. Бұл тапсырмаға манекендер қолданылды. Тағы, жеткіншектер арқан тартып, күш сынасты. Кейін, командалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жайлы салған суреттерін көпшілік назарына ұсынды. Мамандар осындай шара арқылы тілсіз жаудың зардабын жастарға түсіндірмек ниетте.

Жазира Қожахметова – СҚО ТЖД бас маманы:

– Өртің алдын алу бойынша ересектерді ғана тартпаймыз. Балалармен жұмыс жасаудамыз. Өйткені, көп жағдайларда от жастардың немқұрайлылығы салдарынан шығады.

Шара соңында сайыс жүлдегерлері марапатқа ие болды. Оларға бағалы сыйлықтар мен тәтті-дәмділер үлестірілді.

 

Култанов Байболат