МТРА жаңалықтары

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Тілшілер материалдарында өзекті деген қоғамдық мәселелерді қозғайды. Біз олардың мақалаларын оқып, өз жұмысымызға түзетулер енгіземіз. Ылғи өтімді сөздер жазып, бір адамның тіпті ұжымның өтінішін жеткізе аласыздар. Қаламдарыңыз мұқалмасын! Өздеріңізге, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Кездесуде бірқатар тілшілердің еңбегі еленді. Оларға аймақ басшысының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ерлан Тоқшылық – “Қазақстан журналистер одағы” СҚОФ төрағасы:

– Елбасы ақпарат және коммуникациялар министрлігін ашып бергелі біздің саламызда көптеген оң өзгерістер болып жатыр. Шетелдіктер жарнамаларымен бей-берекетсіз араласпайтын болды. Бұл бәсекелестік ортада өзімізді көрсетуге мүмкіндік туды.

Өңірімізден түлеп ұшқан 100-ден астам журналист бүгінде республикалық және шетелдік БАҚ-да жемісті еңбек етіп жүр. Бұл жергілікті басылымдар мен телеарналардағы мектептің жақсы екендігін аңғартады деді Құмар Ақсақалов. Өңір жетекшісі муниципалдық телеарна директоры Евгений Сазановтың еңбегін ерекше атап өтті. Ол “Мен чемпион” балалар спорттық ойынын ілгерілетуге атсалысқан. Сондай-ақ әріптесіміз Ксения Куценконың еңбегі бағаланды.

Осы күні Нұрсайын Шәріптің еңбегі ескерусіз қалмады. Тілші облыс орталығындағы жаңа ықшам аудандарды абаттандыруға қатысты мәселелердің шешілуіне ат салсықан.

Нұрсайын Шәріп – “ҚазақстанZAMAN” газетінің меншікті тілшісі:

– Бірнеше рет “Береке” ықшам ауданындағы жолдар мен аялдамалардың мәселесін көтеріп жүрдім. Айтқан сөзім билікке жетті. Облыс әкімі қазір ықшам ауданда аббаттандыру шалараы жүргізіліп, көгалдандырылсын деп тапсырма берді.

Зәуре Жумалиева құлдықта жүрген адамды құтқаруға атсалысыпты.

Зәуре Жумалиева – “ЛИТЕР” газетінің меншікті тілшісі:

– Биыл жыл басында бір келіншек келіп маған базынасын айтты. Оның інісін Алматы облысында шаруа құлдықта ұстап отырыпты. Мен мұны өңірдің бас полицейіне жеткіздім. Берік Біләлов құлдықтағы адамға ресми түрде іздеу салғызып, оны іздеп тауып елге қайтартты. Менен көмек сұрап келген келіншек кейін маған жолығып, үлкен алғысын айтты. Сол сәтті мен ешқашан ұмытпаймын. Бұл мен үшін үлкен марапат болды.

Осы күні кейбір тілшілерге ақшалай сыйлық үлестірілді.

Берік Қасен