Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасындағы футболдан облыстық біріншілік бастау алды

“Футбольный центр” құрамасының шабуылшыларының тактикасы мықты. Бұған қарамастан, қызылжарлық ойыншылар намысқа тырысуда. Аяқдоп шеберлері қарсылас қақпаға допты сәтті бағыттап, құрама қоржынына алғашқы ұпайларын салды. Алайда ойынның екінші кезеңінде көк жейдедегі футболшылар алаңдағы басымдықтықты өз қолдарына алды.

Нұрбек Айтулинов – “Футбольный центр” командасының мүшесі:

– Біз күнделікті дайындық жүргіземіз. Бүгін қызылжарлықтармен ойнадық. Қарсыластарымыз осал емес. Бірақ жеңіске жеттік.

Жалпы жасөспірімдер арасындағы футболдан облыстық біріншілікке биыл 8 құрама қатысуда. Олардың арасында кәсіби түрде айналысатындары да бар.

Александр Новичков – жарыстың бас хатшысы:

– Бұл “Жас қыран” турнирі аясында ұйымдастырылған жарыстың 5-і кезеңі. Біз 4 жас ерекшелігі бойынша доданы аяқтадық. Бүгінде 2002 жылғы балалар бақ таластыруда. Командалардың тең жартысы -аудандық құрамалар.

Дүбірлі дода екі күнгі созылады. Жеңіс тұғырынан көрінген команда республикалық жарыста өңір намысын қорғамақ.

 

Эльмира Садвокасова