МТРА жаңалықтары

Өңір ардагерлері жұмыстарын қорытындылады

Ескендір Елеусізов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Жастармен жұмыс бұл біздің басты мақсатымыз. Биылғы жылдың алғашқы айында 540 іс-шара ұйымдастырдық. Оған шамамен 17 мың адам қатысты. Сонымен қатар, өңірде тимуршылар құрылды. Олар 693. Оған 6 мыңға жуық ардагер тіркелген.

Ардагерлерлерді алаңдататын мәселе жетерлік. Соның бірі – әскерге жарамсыз жас жігіттер. Биыл 2 мың адамның 400-і әскерге денсаулығына байланысты бара алмаған. Бұл проблеманың шешу жолын аға буын өкілдері талқыға салды. Сондай-ақ, мұнда белсенді ардагерлер марапатқа ие болды.

Қымбат Исманова – “Әжелер” ардагерлер клубының мүшесі:

– Мараптқа ие болғаныма ризамын. Рахмет.

“Әжелер” клубы биыл ғана құрылды. Десе де олар 3 мектепте болып, жастармен тәрбие жұмыстарын жалғастыруда.

 

Айгерим Ержанова