МТРА жаңалықтары

Теріскейлік әншілер халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Вокалдық ансамбль құрамында 6 мен 17 жас аралығындағы 50-ге жуық бала бар. Өнер бірлестігінің репертуарында бүгінде 25 ән бар. Олардың барлығы – туған ел, достық пен қуаныш жайлы. Топ жетекшісі Ботагөз Кәкімова Сочи қаласында өткен “Ступень к успеху” атты халықаралық байқауға бірнеше патриоттық ән дайындапты. Ресейдің еңбек сіңірген әртістерінен құралған қазылар алқасы кішкентай әншілердің өнерін жоғары бағалаған екен.

Ботагөз Мәметова – “Айналайын” вокалдық ансамблінің жетекшісі:

– Қазақстан мен Ресейден қатысушылар көп болды. Байқауда балалар өздерінің бар өнерлерін көрсетуге тырысты. Болашақта да осындай сайыстарға қатысатын боламыз.

11 жасар Дария Рамазанова әнмен кәсіби түрде айналысқанына 3 жыл болған. Халықаралық конкурста ол Роза Рымбаеваның орындауындағы “Әлия” әнін шырқап, жеңіс тұғырынан көрінген.

 

Эльмира Садвокасова