Білім

СҚО-да қабылдау комиссиясы жұмысын жалғастыруда

Саламат Ажикеев – талапкер:

– Мен мектепте білімімді тәмамдадым. Енді университетке дене тәрбиесі пәні мұғалімі мамандығына түскім келеді. 4 жыл күреспен айналыстым.

Мемлекеттік білім грантын алуға өтініштерді қабылдау шілденің 23-і мен 31 аралығында өтеді. Жалпы қазақстандық университеттерге биылғы жылы 37 мың бюджеттік орын берілген. Ал оның нешеуі теріскейге келетіні тамыздың басында белгілі болады. Әзірге М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де шығармашылық және педагогигалық мамандықтар бойынша білім алуға ниеттілердің құжаттары қабылдануда.

Гүлмира Оспанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:

– Біздің университетте 48 мамандық бакалавриат, 23 магистратура және 4 доктарантура.

Ал шілденің 17-і мен 23-і күндері колледж түлектері мен жоғары білімі барлар кешенді тестілеу тапсыра алады. Енді олар өз білімдерін екі таңдаулы пәннен тексереді. Ал ақылы түрде оқимын дегендер құжаттарын тамыздың 28-не дейін тапсыра алады.

 

Риат Шони