Саламат Ажикеев – талапкер:
– Мен мектепте білімімді тәмамдадым. Енді университетке дене тәрбиесі пәні мұғалімі мамандығына түскім келеді. 4 жыл күреспен айналыстым.
Мемлекеттік  білім грантын алуға өтініштерді қабылдау шілденің 23-і мен 31 аралығында өтеді.  Жалпы қазақстандық университеттерге биылғы жылы 37 мың бюджеттік орын берілген.  Ал оның нешеуі теріскейге келетіні тамыздың басында белгілі болады. Әзірге  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де шығармашылық және педагогигалық мамандықтар бойынша  білім алуға ниеттілердің құжаттары қабылдануда.
Гүлмира Оспанова –  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы:
– Біздің университетте 48 мамандық бакалавриат, 23 магистратура және 4 доктарантура.
Ал шілденің 17-і мен 23-і күндері колледж түлектері мен жоғары білімі барлар кешенді тестілеу тапсыра алады. Енді олар өз білімдерін екі таңдаулы пәннен тексереді. Ал ақылы түрде оқимын дегендер құжаттарын тамыздың 28-не дейін тапсыра алады.
Риат Шони