МТРА жаңалықтары

ЭКСПО көрмесінен солтүстікқазақстандықтар жақсы әсер алған

Сағыныш Бектемірова – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы жастар қанатының жетекшісі:

– Біздің мемлекетіміз ТМД елдері арасында жасыл экономиканы дамыту жөніндегі бастаманы бірінші болып көтеруде. Мен ЭКСПО көрмесін тамашалаған шетелдіктермен сұхбаттастым. Олар да дәстүрлі энергия көздерінен бас тартып, баламалы энергияға көшу керектігін айтады. Әрбір адам өз үйінде энергия көздерін үнемді пайдаланса, экологияға ғана емес, ел экономиксына да тамшыдай болсын пайдасын тигізер еді.

Технологиясы көш ілгері жетілген Корея республикасы жасыл технология саласында үлкен жетістіктерге жеткен. Сол мемлекеттің павильионын аралаған
Сайран Арыстанбаев бензин, электр қуатын қолданбай-ақ қалада өмір сүруге болатынына көз жеткізген.

Сайран Арыстанбаев – Қазақ мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

– Кәрістер павилионында ақылды үйлерді көрдім. Баспана ішіндегі электр құрылғылары толығымен күн батареяларынан қуат алады. Тіпті кәрістер өздері шығаратын электромобильдерін де күн батареялары арқылы қуаттайды. Біздің елге де сондай ауаға зиянды қалдықтар таратпайтын көліктер керек.

Сайран Арыстанбаевқа ЭКСПО қалашығын қазақ мектеп-гимназиясының ұжымымен аралаған. Енді екінші рет өз отбасымен барып келмекші.

Берік Қасен