Спорт

БАҚ өкілдері мен судьялар арасында боулингтан турнир өткізілді

Боулингтен өткізіліп жатқан турнирге жалпы 5 команда қатысуда. Ойыншылар республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінен жасақталған.

Жанар Кенжебаева – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы:

– Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны ерекше. Біз оларды түрлі отырыстар мен сот процестерін халыққа жеткізу үшін жиі шақырамыз. Бізде БАҚ өкілдерімен жұмыс істейтін арнайы бөлім бар. Оның нәтижесінде солтүстікқазақстандықтар сот саласындағы жаңалықтардан құлағдар.

Бұл – “мергендер” командасы. Әзірге, әріптестерімен сот қызметкерлерінен алда келуде. Міне, “Хабар 24” телеарнасының меншікті тілшісі Айдарбек Балғабеков құрама қоржына тағы бірнеше ұпай салды.

Турнир аяқталысымен БАҚ өкілдері құттықтаулар қабылдап, “Мистер боулинг”, “Супер страйк”, “Леди боулинг” сынды түрлі аталымдар бойынша естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Эльмира Садвокасова