Спорт

Журналистердің облыстық спартакиадасы өтті

Әсем Рахметова – СҚО iшкi саясат басқармасының басшысы:

– Қаламы қарымды, ойы ұщқыр журналистердің спартакиадасы тағы ұйымдастырылғалы отыр. Дәстүрді бұздай жыл сайын жарыс өткізгеніміз көңіл қуантады.

Сонымен, спартакиада басталды. Қазір мына алаңда Муниципалды телеарна құрамасы мен СҚМУ журналист мамандығы бойынша білім алатын студентер күш сынасуда. Ойын алдында барлығы бізді -фоварит санады. Дегенмен, командамыз қанша тырысқанымен сәттілік серік болмады. Ал, болашақ тілшілер өз кезектерінде гол соқты. Олар осы басымдықты кездесу соңына дейін ұстап, жеңіске жетті.

Нұрбол Балғабеков – СҚМУ құрамасының ойыншысы:

– Ойын тартысты өтті. МТРА құрамасын әз дегенде ұттық.

Бірақ, жолымыз үстел теннисінде болды. Арна намысын ерлер сапында Денис Сивков қорғаған болатын. Әріптесім 5 қарсыласының барлығын ойсырата ұтып, спартакиада чемпионы атанды.

Денис Сивков – МТРА тілшісі:

– Барлық ойын тартысты өтті. Әсіресе, финалдық кездесу қиынға соқты. Бойымда қобалжу болды. Дегенмен, намысқа тырыстым. Дәл спартакиадаға үстел теннисінен дайындалған болатынмын. Еңбегім нәтижесін көрсетті.

Ал, арқан тартыста жолымыз болмады. Бұл ойында біздің құрама “Қазақстан-Петропавл” арнасының ойыншыларымен кездесті. Тартысты бәсекеде қарсыластар мықты атанды.

Бірақ, шахматта асығымыз алшысынан түсті. Өзім қос кездесу өткізіп, жеңіске жеттім. Ал, финалдық сында қарсыласыма жол бердім. Осылайша екінші орынды қанағат тұттым. Ал, бұл сында тілшіміз Эльмира Сәдуақасова жарада. Ойынды небәрі 1 сағат ішінде үйренген ол жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Эльмира Сәдуақасова – МТРА тілшісі:

– Өзім алғаш рет сайысқа қатыстым. Үшінші орын иелендім.

Дойбы мен тоғызқұмалақты Тоғжан Ақмағамбетова мен Айгерім Ержанова ойнады. Дегенмен, сұлуларымыздың жолы болмады.

– Журналистер ала допты алақандарында кәсіби спортшылар ша ойнатпаса да волейвол ойнай алады. Қазір мына алаңда ңағыз тартыс өтуде. Жарысқа 10 құрама қатысуда. Олар сайыс ережесіне сай 3 кезеңде бақ баластыруда.

Спартакиададағы тартысты кездесу “Қазақстан-Петропавл” мен Муниципалды телеарна құрамалары арасында өтті. Алғашқы партияда қарсыластар жеңді. Ал, екінші кезеңде әріптестерімз 15-те 11 есебімен ұтып, есе қайтарды.

Шешуші сында тағы да сәттілік серік болмады. Қолдағы жеңісті қарсыласқа ұстаттық. Сонымен, жарысты қорытындылайтын сәтте келді. Спартакиада да үшінші орынды – «Солтүстiк Қазақстан» газеті ұжымы еншіледі. Екініші – “1 Солүстік” телеарнасы атанды. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына – меншікті тілшілір құрамасы көтерілді. Барлық жүлдегерлер кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды. “Муниципалды телеарна” командасына 5 орын бұйырды.

 

Култанов Байболат