МТРА жаңалықтары

Жазғы лагерлерде «Туған жер» музейлік акциясы өтуде

Анатолий Алаш-СҚО жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

– Бүгінгі шара маған өте қатты ұнады. Ежелгі адамдардың ағашты ағашқа үйкелеп от жаққандарын білдім. Аңды аулау әдістері де мүлде басқаша. Ұзын шөптер мен қамыстарды өріп, оларды күркелердің үстіне жапқан және төсеніш ретінде қолданған.

Мамандардың айтуынша, ежелгі тайпалардың аң аулау құралдары және тұрмыстық заттары негізінен ағаштан жасалған. Олар түрлі бұйымдарды сүйекпен жонып, таспен үшкірлеген. Ата-бабаларымыз табиғатпен үндестікте өмір сүріп, мал мен аңның терісін, мүйізін, құйрық-жалын үлкен шеберлікпен ұсатып, олардан киім-кешек, ыдыс-аяқ жасаған. Балалар жылқы малының ең алғаш біздің жерімізде қолға үйретілгендігі туралы мағлұмат алды.

Мейрамкүл Абуова – СҚО тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

– Мүйізді ірі қара малдың терісінен жасалған бұл ыдысты биені сауғанда пайдаланған. Ыдыс жеңіл, артық дыбыс шығармайды. Биенің иін қ.

Елизавета Килинг-СҚО жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

– Мен бұрынғы заманның тұрмыстық заттарын көрдім. Әрбір бұйымның қандай мақсатта қолданылғанын білдім. Бізге өткен ХХ-шы ғасыр әйелдерінің пайдаланған әтірлерін, қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері көрсетілді. Тарихшылардың әңгімесін барлығымыз қызыға тыңдадық деп айта аламын.

Басқа бөлмеде жасөспірімдерге облысымызда мекен ететін аң-құстар жайлы мәлімет берілді. Мәдениет саласының мамандары осындай акцияны мемлекет басшысының Жолдауында айқындаған тапсырмасымен өткізуде.

Мейрамкүл Абуова – СҚО тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

– Биыл Елбасы бүкіл қазақстандыққа «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Сол құжатында Нұрсұлтан Назарбаев «Туған жер» бағдарламасына ерекше тоқталған. «Туған жер» бағдарламасында әрбір адам отбасының тарихын ғана емес, тұрып жатқан көшесінің, ауылының, қаласының, облысының, бір сөзбен айтқканда, туып-өскен жерінің тарихын білуі керек делінген. Бағдарлама аясында біз «Есіл өңірі -менің туған өлкем» атты музейлік іс-шара өткізудеміз. Алдағы күндерде осы акцияны облысымыздың барлық лагерінде өткізбекшіміз.

«Туған жер» бағдарламасы бойынша өңірімізде нақты жоспар түзілген. Соның негізінде мәдениет қызметкерлері жыл бойы жұмыс атқармақ.


Берік Қасен