МТРА жаңалықтары

Маусымның 25-і кіші айт басталды

Зейнолла қажы Олжабаев:

– Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Ел аман, жұрт тыныш болсын! Жастар мешітке көп келіпті. Бұл Алланың ырыздығы. Келесі айтқа аман-есен жетуге жазсын.

Гүлдәурен Аманова:

– Жастарымыз иманды болсын.

Сабыржан Мырзағұлов:

– Биыл екі ұлым және өзім ораза ұстадым. Зайыбым ауырып қалғандықтан осы бес парыздың бірін орындай алмады. Негізі жұбайымыз екеуіміз 30 жылдай ораза ұстаймыз.

«Қызылжар» орталық мешітінің іші халыққа лық толды. Симағандарына бірінші қабаттан бөлек бөлме бөлінді. Айт намазына келушілердің арасында жастар көп.
Баршасы алдымен ұстаздар мен наиб имамдардың уағызын тыңдады. Кейін мұсылмандарды осынау жарқын меркемен облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

Айдарбек Сапаров-облыс әкімінің бірінші орынбасары:

– Тәуелсіздіктің арқасында дініміз мен тілімізге оралдық. Жастарымыз дінге бет бұра бастады.

Дінбасылар кіші айтта ораза ұстауға болмайды дейді.

Қасымхан қажы Исаев -«Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы:

– Белгілі бір себептермен оразаны толық күн ұстай аламаған жандар ауыздарын кіші айт өткенен кейін барып бекіте алады. Яғни үш күнен кейін.

Барлық діни үрдістер аяқталысымен келушілерге Айт шайы берліді.

Берік Қасен