Спорт

Грузиялық жиҺангез Петропавлға дейін велосипедпен келді

Омари Харбедия – “Арго” грузин этномәдени орталығының төрағасы:

– Нодар Беридзе өмірде өз орнын іздеп жүрген адам. Бір сөзбен айтқанда, қоғамға пайдасын тигізсем дейді. Әлем көптеген қызықтар бар. Нодар Беридзе жер жүзін аралап, әр елде адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білгісі келеді.

47 жасар Нодар Беридзе қарапайым адамдардың бірі. Ол велосипедпен жер шарын 3 жыл көлемінде аралап жүр. Орта Азия елдерінде, Украинада болған. Оның әлем бойынша саяхат жасауына дүние жүзіне танымал спортшы Джумбер Лежаваның ерлігі қатты әсер еткен. Нодар Беридзе жолшыбай елордасы Астанаға соғып, ЭКСПО қалашығын аралапты.

Нодар Беридзе – “Путь мира” веломарафонының қатысушысы және ұйымдастырушысы:

– Елдеріңізде “ЭКСПО” халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Бұл бизнеске, туризмге қолайлы жағдайдың жасалып жатқандығын аңғартады. Қазақстан экология жағдайын осы бастан ойлауда. Бұл мақтауға тұрарлық бастама. Елдегі тыныштық пен бейбітшілікті бағалаңдар. Бұл жоғары жетістік.

Нодар Беридзе 50 мың шақырымның тең жартысын еңсеріп, 15 мемлекетті аралап шығыпты.

Берік Қасен