МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметкерлердің еңбегі еленді

Гүльмира Бейсенбина – СҚО дін істері басқармасы бөлімінің бас маманы:

– ант берді.

Қатарға жаңадан қосылғандарға қызметтік куәлік үлестірілді. Аға буын өкілдері жастарға еңбекте табыс тіледі.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– 5 институционалдық реформада Елбасымыз кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға басымдық берген. Қазіргі таңда жемісті еңбек етіп, көзге көрінген кез-келген азамат аға-көкесінің көмегінсіз мансаптық сатымен жоғары лауазымдарға көтеріле алады. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін заң нормалары мен мамандарды іріктеу жүйелері түбегейлі өзгертілді. Ертең сіздерге қарап кейінгі келген жас мамандар бой түзейді. Сондықтан осы бастан мемлекеттік қызметші атағына лайықты болып, халықтың алғысын алуға тырысыңыздар.

Бүгінде жергілікті мемлекеттік қызметкерлер біліктіліктерін арттыруда. Олар ел қазынасы есебінен білімдерін жоғарылатып, тегін курстарға қатысып жүр. Кейбіреулері республикалық байқауларда бағын сынайды. Евгений Журавлев азаматтық қорғаныс саласында 20 жылдан артық еңбек етеді. Ол адал еңбегі үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің Алғыс хатымен мараптталды.

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД мемлекетік тіл және ақпараттандыру тобының бас маманы:

– 20 жылдың ішінде көпті көрдім. Кейде адамдарды құтқаруға атсалыстым. Төтенше жағдайларды алдын алып, адамдарға білгенімді үйретемін. Оларға от пен су сынды тілсіз жаулардан абай болуды ескертемін. Бүгінде әлемде техногендік, табиғи аппаттар көбейіп кетті. Сыртқы факторлардың кері әсері күшті. Сол себепті мемлкеттік қызметшілер талмай еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде болғаны дұрыс.

Салтанатты жиында Евгений Журавлевтен басқа бірқатар азамат Ғалым Тұрсынбаевтың қолынан Алғыс хат алды. Олар ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау тағы да басқа салаларда мінсіз қызмет атқарып жүр. Еңбек жолдарында бірде-бір рет заңбұзушылық жасамаған.

Берік Қасен