Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 14-і күні

Көрмеде Қытай мен Қазақстан кәсіпорындары арасында сауда-экономика бағытында келісімшарт жасалды. Енді қос мемлекет электроника және жел электроэнергиясы саласын бірігіп дамытпақ. Тағы маусымның 23-і Швейцария елінің өнертапқыштары күн қуатын пайдаланудағы өз өнімдерін көрсетуде. Айта кету қажет, баламалы энергия көздері тақырыбы елордада өтіп жатқан барлық кездесуге арқау болып жатыр.

Бұлардың арасында шетелдік инвесторлардың 30-шы кеңесі де бар. Жиынның пленарлық отырысы кеше өтті. Кездесуге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен бірқатар танымал компаниялардың басшылары қатысты. Кеңестің он тоғыз жылдық жұмысында оның мүшелері елімізде кәсіппен айналысуда кепілдік алды.

Ал Қазақстан қазынаға жүйелі түрде салықтың түсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына қол жеткізді. Осы жолғы кездесу баламалы қуат көздерін пайдалануда бірігіп ілкімді істерді атқару жөнінде пікір алмасуға зор мүмкіндік. Бүгінде еліміз бұл мәселеде көшбасшылардың қатарында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

– Энергетический сектор имеет больше значение в нашей стране. Даже при наличии природных ресурсов Казахстан намерен активно и эффективно развивать альтернативные источники энергии. В этой связи реализуется концепция по переходу к зеленой экономике. Нами инициированно создание международного центра зеленых технологий инвестиций энергии будущего, который будет работать здесь после окончания работы выставки. Мы должны использовать все наши резервы сектора новой энергетики.

 

Риат Шони