МТРА жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану

Павел Афанасьев – қалалық мәслихаттың депутаты, “Бірлік” партиясының мүшесі:

– Өңірдегі тек 106 серіктестік жерді тиімді пайдаланып отыр. Бұл өте аз. Біздің өлкеде ауыл шаруашығы саласын мықтап дамытуға болатынын білеміз. Сол себепті ұсақ қожалықтарға көбірек қолдау таныту маңызды. Осы ретте бидай сапасына да мән берген жөн. Өйткені, жыл артқан сайын теріскейде жоғары сұранысқа ие 3 сұрыпты астық азайып барады.

Тығырықтан шығар тиімді жол бар. Ол ұсақ қожалықтарды біріктіруі. Яғни, ауыл шаруашылығы копперативтерін құру. Сонда ғана бос жерді толығымен іске жаратып, өнім көлемін арттыруға болады. Кооперативтерге несие, субсидия алу да жеңілдемек.

Иван Кендюх – “Ауыл” халықтық – демократиялық патриоттық партиясының СҚОФ төрағасы:

– Елбасы Жолдауында Қазақстанда 500 ауыл шаруашылығы копперативтерін құру жөнінде тапсырма берді. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Бір шаңыраққа біріккен ұсақ қожалықтар бірлесе жұмыс істеп, бос жатқан жерді игеретін болады. Копперативтерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Өнімді саудалау мәселесі уақытылы шешіледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірдегі ауыл шаруашылығына жарамды жердің 60 пайызы игерусіз жатыр екен. Жиынға қатысушылар болашақта бұл мәселені шешуге ерекше назар аударуымыз керек деп отыр.

 

Култанов Байболат