МТРА жаңалықтары

Табиғат жанашырлары жыл басынан бері тындырған жұмыстарын қорытындылады

Ережеп Жанатаев – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:

– Бұдан бөлек, инспекцияда аңшылыққа қатысты қызметтер де көрсетіледі. Анықтамалар беріледі. Мәселен, санын қалыпқа келтіруге болатын жануарлардың түрлерін қысқартуға және оларды будандастыруға берілетін рұқсат қағаз да баршылық.

Кездесуде табиғатты пайдаланушылар мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Александр Ремшов – “Советское” аңшылық шаруашылығының аңшысы:

–  Біз өзіміздің шаруашылыққа қабандарды әкеліп, ұстауды жоспарап отырмыз. Бірақ ол үшін не істеу керек?

Ережеп Жанатаев – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:

– Бұл ойды жүзеге асыру үшін бізге келіп, мемлекеттік қызметтің көмегіне жүгінуіңіз керек. Ол үшін шамамен 5 күн уақыт керек. Қажетті құжаттар тізімін сайттан алуға болады. Өтінішті электронды түрде де беру мүмкіндігі бар.

Жалпы жыл басталғалы мұндағы қызметкерлер 1200-ден астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 

Айгерим Ержанова