МТРА жаңалықтары

Петропавлда “На исходе суток” спектаклі көрерменге жол тартты

Негізінде, сахна төрінде 10 жыл бұрын Уәлиханов ауданында орын алған атышулы қасақана жасалған жағдай сахналанып отыр. Қойылымды театр ұжымы 1 айға жуық дайындаған. Қысқа уақыттың ішінде әзірленген спектакльде негізінен тәртіп сақшыларының қызмет барысындағы жұмысы сипатталады.

Елена Покрас – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

 

– Аталмыш қойылым Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай сахналанып отыр. Алдағы уақытта да бұл спектакльді солтүстікқазақстандықтар назарына ұсынамыз. Осы туындының материалдарын теріскейлік тәртіп сақшылармен бірге дайындап, өңдедік. Біз негізінен бұл спектакль арқылы полиция мамандағының қандай қиын және жауапты екенін көрсеткіміз келді.

Қойылымды бір деммен тамашалаған дүйім жұрт тәртіп сақшыларының қызметін театр әртістері асқан шеберлікпен сомдады, өзіміз мол әсер алдық дейді.

– Спекталь көңілімнен шықты. Тергеушінің рөлін ойнаған әртіс қатты ұнады. Мұнда қылмысқа қатысы бар адамдар өздерін шынайы ұстайды.

– Бүгінгі қойылған спектакль қатты ұнады. Әртістерде шын ниетімен ойнап жатыр.

– Екі күн қатарынан қойылып жатқан қойылымдар қатты ұнады.Рахмет, бұл ұжымдарға. Жақсы дем алып, көңілімізді көтеріп, жұмыстан кішкене болсын сергеп қалдық.

 

Тогжан Акмагамбетова