Аптадағы маңызды жаңалықтар

2017 Облыс орталығы жолдарын жөндеуге жергілікті қазынадан 1,5 млрд теңге бөлінді

Көліктер де онша жүрмейтін. Санаулы күннен кейін жол тақтайдай тегіс болады. Орташа жөндеу жұмыстарымен “Дорожник Ашық аспан” кәсіпорынының жұмысшылары айналысуда. 2 жылдың ішінде жол қабаты бұзылса, мердігерлер нысанды қалыпқа келтіреді.

Зауыт көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы қалыпқа келтіріліп, жаңа автобус аялдамалары, жол белгілері орнатылады.
Арнайы жолақтар сызылады.

Қайролла Ғалеев – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Зауыт көшесінде жол қабаты талай рет қопарылып, жылу, су құбырлары ауыстырылған болатын. Соған байланысты осы көше бірнеше жылдар бойы жөндеу көрмеді. Жалпы биыл шаһарымызда 8 көше орташа жөндеуден өтеді. 56 көшеге қиыршық тас төселеді. Шұңқырлар жабылып, тротуарлар мен аулаішілік жолдар қалпына келтіріледі. Осының бәріне жергілікті қазынадан 1 млрд 500 млн теңге бөлінді.

Осы жазда қала көшелерінің сиқын бұзып тұрған ескі нысандар мен қоршаулар жаңасына алмастырылады.

Қайролла Ғалеев – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Шаһарды абаттандыру шарасы аясында негізгі көшелердің бойында тұрған ескі сауда дүңгіршектері мен қоршаулар алынып тасталады. Бұл жөнінде иелері хабардар. Оларға қала әкімдігі әдемі дүңгіршектер мен қоршаулардың жаңа эскиздерін береді.

Жоспарлы 100 аулаішілік жолдардың 16-сы қалыпқа келтіріліпті. Бұдан өзге 45 аулаға балалар алаңқайы орнатылуда. Соның бірін Батыр Баян көшесі, 3-ші үйдің ауласында “Стронг Сервис” компаниясы отандық материалдардан құрастырып беріпті. КІшкентай Алексей Анисимов бауырларымен сырғанақ теуіп жүр. Оған қалашық ұнапты.

Алексей Анисимов:

– Осы маңда менің әжем тұрады. Мен жылы күндері келіп ауланың балаларымен ойнаймын. Осыған дейін әткеншектер болмады. Ішіміз пысатын. Маған мына ойын қалашығы ұнап тұр. Өзі үлкен, барлық балаға орын жетеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуендейтін Қазақстан Конституциясы көшесінде де ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Берік Қасен