МТРА жаңалықтары

СҚО үздік мемлекеттік қызметші анықталды

Сандуғаш Әбділманова – Арықбалық селолық округы әкімдігі аппаратының іс қағаздарын жүргізу бойынша бас маманы, Айыртау ауданы:

– Ауылдық округте істейтін адамдар. Онда қағазбен жұмыстың көп болатындығын жақсы біледі. Сондай жұмыстармен айналысқанды өзім жақсы көремін. Істейтін ісім өзіме ұнайды деп айта аламын. Конкурсқа көп дайындалған жоқпын. Бір жұма ішінде дайындалдық.

Бүгін Сандуғаш және тағы 5 азамат үздік мемлекеттік қызметкер байқауында бағын сынауда. Олар 5 кезеңнен өтіп, өздерінің мықты екендіктерін дәлелдемек. Тест, таныстыру, шығармашалық және үй тапсырмасы. Олардан сүрінбей өткен мемлекеттік қызметшілер зияткерлік сайыстарда сәл кібіртіктеді. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, теріскейдің танымал тұлғалары туралы әңгімеледі. Жалпы мұндай жарыстар жыл сайын өткізіледі.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

 


–  Көбіне байқауға қатысып жатқандардың көбі жастар. Жалпы мемлекеттің болашағы осы жастардың қолында.

Байқау қорытындысы бойынша ең көп ұпайға ие болған СҚО ТЖД ақпараттық-сараптамалық жұмыс тобының бас маманы Кенжебек Қожахметов жеңіске жетті.

Мағжан Ахмадина