МТРА жаңалықтары

Петропавл қалалық ІІБ Біріңғай ашық есік күні өтті

Анатолий Мурзыканов – Петропавл қаласы ІІБ бастығы:


–  Біз бүгінгі мереке былтырдан бастап дайындалдық. Аллеяны көркейту үшін көп жұмыс жасалды. Қазақстан полицияның 25 жылдығына орай арнайы ескерткішті де осында орнаттық. Бұл маңда қала тұрғындары демалулары тиіс. Қызметкерлеріміз де жұмыстан соң уақыттарын өткізе алады.

Салтанатты шараның басталар сәті де жетті. Жиналғандарды, оның ішінде құқық қорғаушыларды мерекелерімен қала әкімі Марат Тасмағанбетов құттықтады. Бірер сәттерден соң, Қазақстан полицияның 25 жылдығына орай қойылған ескерткіш ашылмақ. Оны шаһар басшысы мен Петропавл қалалық ІІБ бастығы Анатолий Мурзыканов халық назарына ұсынды. Ал, мұнда қару-жарақтың түр-түрі тұр. Тәртіп сақшылары жиналғандарға күнделікті жұмыста қолданатын құралдарын да көрсетті. Әсіресе, көпшілікті криминалист мамандардың мына шыны ыдысы қызықтырды. Осы заттың арқасында жыл басынан 50-ге жуық қылмыстың беті ашылыпты.

Игорь Чусовитин – Петропавл қалалық ІІБ аға криминалисі:

– Бұл шыны ыдыста адсорбент мата бар. Оны қылмыс болған жерде біршама уақыт ұстаймыз. Оған құқық бұзушының иісі сіңеді. Кейін, шүберек зертханаға жіберіледі. Күдікті табылса оның иісі алынып, осындай ыдыста сақталады. Бұдан соң қызметтік иттер маталардың екеуінде иіскеп, қылмыскерді анықтайды.

Сондай-ақ, бүгін Петропавл қалалық ІІБ музейінің де таспасы қиылды. Мұнда 200-ден аса жәдігер қойылыпты. Барлығы да өткен күннен сыр шертеді.

Марал Алпысова – Петропавл қалалық ІІБ аға инспекторы:

– Бұл мұражайдағы дүнелер Петропавл қалалық ІІБ тарихын баяндайды. Заттар 92 жылдан бері жиналған.

Айта кетейік, бүгінгі шараға заңгер мамандығы бойынша білім алатын СҚМУ студенттері де қатысып отыр. Олар құқық қорғаушылардың бір күндік жұмысын атқармақ.

Таңертен бұл жастар қылмыс орын алған жерде болыпты. Студенттер әмиянын ұрлатқан әйелге көмектескен екен. Олар жедел іздестіру арқасында баукеспені құрықтап, нәзік жандыға мүлкін тауып берген.
Ал, шара соңында еңбегімен ерекшеленген 80-ге жуық тәртіп сақшысы алғыс хат, төс белгі және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Култанов Байболат