МТРА жаңалықтары

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын Жазушылар одағының мүшелері де талқылауда

Бүгін өңірімізге Алматы қаласынан ат терлетіп келген Жазушылар одағының мүшелері жерлестерімізбен бірге осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті. Мемлекет басшысы өз мақаласында қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың қолға алынғаны туралы жазды. Президенттің пайымдауынша, Қазақ елінің мақсаты айқын, бағыты белгілі, ол – әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу. “Үркер” газетінің бас редакторы Қуандық Түменбай діттеген мақсатқа қол жеткізуде жұртты жұмылдыру үшін стратегиялық мақаланы өңір-өңірді аралап жіті түсіндірген жөн дейді.

Қуандық Түменбай – “Үркер” газетінің бас редакторы, Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қаласы

– Біз, жазушылар мақаланы еліміздің түкпір-түкпіріне шығып, барлық жұртқа жеткізіп жүрміз. Ертең Мамлют ауданына барамыз. Басты мақсатымыз рухани жаңғыруды халықтың жүрегіне жеткізу.

Риат Шони